Түркістанда жаңа көпір мен жерүсті жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға беріледі

0
1 754

Дәл қазіргі уақытта «Шымкент-Ташкент» автомобиль жолдары бойында тағы осындай 3 көпірдің жобасы жасалып жатыр. Олар халық көп қоныстанған — Шарапхана, Жіңішке, Ащыбұлақ елдімекендерінің аумағында салынады.


Түркістанда жаңа көпір мен жерүсті жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға беріледі

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы республикалық маңызы бар тасжолындағы 6 көпір мен 3 жерүсті жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Otyrar.kz сайтына сәлтеме жасап.

Келес өзеніндегі көпірді құрылысшылар небәрі бірнеше айда салып бітті. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында басталған. Ал дайындық кезеңі көктемге дейін ұласқан-ды. Құрылысшылардың айтуынша, ең қиынға соққаны — өзеннің арнасынан тасу кезімен арпалысу болыпты. Бұл жұмысшыларды әбігерге салғанымен, жергілікті жұрт бұл жағдайда үйреніп қалған. Себебі әр көктемде өзеннің деңгейі көтеріледі. Десе де 25-тамыз күні бұл көпірмен алғашқы көліктер жүре бастады.

«ЖБИ» ЖШС-нің бас инженері Төрехан Дүйсенов: «Республикалық маңызы бар тасжолдағы бағыттар тоқтамауы керек. Ал үлкен көпірді салуда уақытша көпірді бұзбаймыз. Әзірге бұл да қажетімізге жарап тұр. Ал үлкен көпірдің ұзындығы — 57, ені — 10 метрге теңеседі. Екі жақтама 1,5 метрдей жаяу жүргіншілер жолы салынады», дейді.

Ені 17 метр болатын металл құрылымның төбесі, көпірдегі жолүсті баспалдақтары — барлығы — ыстыққа төзімді, балқуға жол бермейтін жасақтармен жабдықталыпты. Сондай-ақ, мүгедек жандар үшін де арнайы сырғыма-баспалдақтар жасалыпты. Жауаптылар жылдың соңына дейін дәл осындай 3 көпірдің қолданысқа берілетінін айтып отыр.

Дәл қазіргі уақытта «Шымкент-Ташкент» автомобиль жолдары бойында тағы осындай 3 көпірдің жобасы жасалып жатыр. Олар халық көп қоныстанған — Шарапхана, Жіңішке, Ащыбұлақ елдімекендерінің аумағында салынады.