Түркістанда жолаушы такси жүргізушісін шанышқымен жарақаттады

0
1 324

Содан соң көлігін айдап кеткен.


Түркістанда жолаушы такси жүргізушісін шанышқымен жарақаттады

Түркістанда такси жүргізушісіне тиісіп, көлігін айдап кеткен жолаушылар ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында такси жүргізушісі таңғы сағат 07:15-терде белгісіз 2 азамат телефон арқылы такси керек деп шақырған соң, қабыл алып өзінің автокөлігімен барған. Көлікке отырған 2 жолаушының бірі мас халде болып, тиісіп және қалтасынан шанышқы шығарып, такси жүргізушісінің бетінен жарақат салады. Таксист жолаушылардан сескеніп өзі көлігін тоқтатып, қашып шыққан. Ал, тиіскен мас жолаушы көлікті айдап кеткен.

Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркелді. Полицейлердің шұғыл әрекеті нәтижесінде 30 минут ішінде жол бойынан жәбірленушінің көлігі, одан ары күдіктілер ұсталды.Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілердің екеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты. Күдіктінің бірі қамауға алынып, екіншісі қолхатпен босатылған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.