Әуежайдан жалпы 12 бағытта ұшақтар қатынайды.
Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 300 мыңға жуық жолаушы қатынаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсан күні іске қосылып, алғашқы әуе рейсін қабылдаған болатын. Бүгінде әуежайда жалпы 12 бағытта ұшақтар қатынайды. Оның 2-і халықаралық, 10-ы республикаішілік рейстер. Жаңа әуежай арқылы 2021 жылы 298 мың жолаушы ұшақпен қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстермен – 55 800 адам, ішкі рейстермен – 242 500 мың адам.
Қазіргі таңда әуежай арқылы мына бағыттарда ұшақтар қатынайды:
1) «Түркістан – Ыстамбұл» – аптасына 3 рет (сейсенбі, сенбі, жексенбі);
2) «Түркістан – Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
3) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» – күнделікті;
4) «Түркістан – Алматы» – күнделікті;
5) «Түркістан – Қостанай» – аптасына 2 рет (жұма, жексенбі);
6) «Түркістан – Қарағанды» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма,жексенбі);
7) «Түркістан – Көкшетау» - аптасына 2 рет (бейсенбі, сенбі);
8 ) «Түркістан – Ақтөбе» – аптасына 1 рет (сәрсенбі);
9) «Түркістан – Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);
10) «Түркістан – Орал» – аптасына 1 рет (сейсенбі);
11) «Түркістан – Талдықорған» - аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);
12) «Түркістан – Өскемен» - аптасына 2 рет (сәрсенбі, сенбі).