Түркістандағы бір жарым мыңға жуық пәтер иелеріне беріледі

0
781

Түркістанның әкімі тұрғындарды онлайн қабылдайды.


Түркістандағы бір жарым мыңға жуық пәтер иелеріне беріледі

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһартұрғындарын онлайн қабылдайтын болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы шаһар басшысы Түркістан қаласындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткізген тікелей эфирде мәлім етті. Жалпы, жыл басынан бері 160-қа жуық азамат жеке қабылдауында болған болса, елдегі төтенше жағдай мен карантин режимі аясында қабылдау тоқтатылған болатын. Енді бүгінге дейін өтініш берген 149 тұрғынмен "ZOOM" бағдарламасы аясында ретімен қабылдау жүргізіп, мәселелеріне назар салатын болады.

Бір сағатқа созылған эфир барысында тақырыптан бөлек, түрлі сала бойынша қала тұрғындарының сауалдары жолданды. Атап айтсақ, су, жол, құрылыс, жұмыссыздық, жерді мемлекет мұқтаждығына алу, білім және басқа сұрақтар жауапсыз қалмады.

Карантин режиміне байланысты жұмысы тоқтап тұрған азаматтар «Халықты жұмыспен қамту орталығына» барып, жұмыспен қамтылуына болады. Әсіресе, Рашид Абатұлы қалада көгалдандыру, абаттандыру және құрылыс саласы бойынша жұмыс көзі көп екендігін ескертті. Мәселен, үй кезегінің кешігіп жатқанын айтқан азаматтарға қала әкімі жұмысшы көзінің тапшы екенін, әсіресе өткен күндерде еліне қайтқан құрылысшылардың басым болғанын айтып, құрылыс саласының жұмыс барысы созылғанын жасырмады. Енді, қыркүйек-қазан айларында 1002 пәтер мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиеге берілетін болса, 450 пәтер кезектегілерге, оған қосымша Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан да 4 үй кезектегі адамдарға беріледі деп жоспарланып отыр.