Түркістандағы бірнеше спорт нысандары пайдалануға беріледі

0
809

Жаңарған Түркістанда ондаған спорттық ғимарат ел игілігіне беріледі.


Түркістандағы бірнеше спорт нысандары пайдалануға беріледі

Түркістан облысында бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей басшылығымен көптеген жұмыстар атқарылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының орталығында мемлекеттік маңызы басым бағытты күшейту үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту қолға алынған. Осы орайда спорт саласына зор көңіл бөлетін облыс басшысы қаладағы жаңа спорт нысандарының құрылысын аралап қайтты.

Түркістан өңірінде дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі – футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадион құрылысы жүргізіліп жатыр. 2 спорт зал, әлемдік аренаға жауап беретін табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелері бар спорт кешені биыл пайдалануға беріледі. Жаңа стадионда облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтетін болады.

Сонымен қатар, Түркістан облысының спортының дамуына үлесін қосатын бассейні бар спорт кешенінің құрылыс жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілуде. Құрылысы аяқталуға таяған заманауи талаптарға сай спорт кешенінде ұлттық құрама мүшелері мен облыстың жас спортшылары да жаттығатын болады. Жаңарған Түркістанда ондаған спорттық ғимарат ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.