​Түркістандағы халықаралық әуежай 2020 жылы пайдалануға беріледі

0
1 085

Қазіргі кезде Түркістан қаласын инфрақұрылыммен қамту қарқынды жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар екі ауысымда жұмыс жасауда.


​Түркістандағы халықаралық әуежай 2020 жылы пайдалануға беріледі

Түркістандағы Халықаралық әуежай 2020 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал оған баратын жол биылғы жылдың соңында пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық мәслихаттың сессиясында айтып өтті.
"Түркістандағы әкімшілік іскерлік орталықта 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жылдың қорытындысымен 7 нысан пайдалануға беріледі. Ал «Рухани мәдени» орталықта 11 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жылдың қорытындысымен 4 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз", - деді облыс әкімі.
Қазіргі кезде Түркістан қаласын инфрақұрылыммен қамту қарқынды жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар екі ауысымда жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша 7 елді мекеннің әлеуметтік экономкалық жағдайдын жақсарту мақсатында 89 жобаға 4 млрд теңге бөлінгендігін жеткізді.
"Күз айларында аудан орталықтары мен бағдарламаға енген елді мекендер жаңарып қайта түлеуі керек", - деді облыс әкімі.
Сессияда облыс әкімі Арыс қаласындағы жұмыстарға да кең көлемде тоқталып өтті.