Түркістандағы үйлерге жылу берілді

0
1 022

Түркістан қаласы бойынша жылу жүйесі қалыпты жағдайға келді.


Түркістандағы үйлерге жылу берілді

ERNUR.KZ. Түркістан қаласындағы жылусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлерге жылу толық берілді, деп жазады 24.kz.

Түркістан қаласындағы 1 және 2 - мөлтек аудандағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалған болатын.

«Оған шаһардағы жаңадан салынған облыстық перинаталдық орталықтың жылу мекемесінің рұқсатынсыз өз бетінше жылу жүйесін ашып, қосып алғаны себеп болды» - дейді мамандар.

Соның салдарынан қазандықтағы су бірден төмендеп кеткен. Су қатты қайнаған кезде бірден қазандықтағы 3 құбырды жарып жіберген. Оны қалпына келтіріп, ыстық суды қайта жібергенде ортада қалған ауаның әсерінен 1 және 2-мөлтек аудандардағы ішкі жылу құбыры зақымданған. Жалпы қалпына келтіру жұмыстарына 18 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

"Гидросоққының әсерінен 1,2-мөлтек аудандағы ішкі жылу құбырларынан екі жерден ақау пайда болып, олар бүгінгі таңға толық қалыпна келтіріліп, жалпы Түркістан қаласы бойынша жылу жүйесі қалыпты жағдайға келді. Қазір барлық мекемелер мен әлеуметтік нысандарда жылу толық бар", - дейді қалалық түкш бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Жарасов.