Партияішілік сайлау 3 күнге созылады.
Мақтаарал ауданының әкімі праймеризде таңдауын жасады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Нұр Отан" партиясының өз ішіндегі партияішілік іріктеуі басталды. 3 күнге созылатын іріктеуде аудан әкімі, "Нұр Отан" партиясының Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Бақыт Асанов алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Жалпы Мақтаарал ауданы бойынша праймеризге 61 кандидат қатысуда. Ауданымыздағы 4570 нұротандық азамат primaries.kz сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы өз кандидаттарына дауыс бере алады. Сонымен бірге, 3 қазан күні 5 партия ұйымында бюллетен арқылы дауыс беруге мүмкіндік қарастырылған.
Праймеризді өткізуге партияның аудандық филиалы дайындық шараларын жоғары деңгейде жасаған. Кандидаттар 2 ай бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, партия тарапынан 12 дебат өткізіліп, праймеризге қатысушылардың бағдарламалары талқыланды.
Айта кетейік, партия мүшелері Мырзакент, Атакент, Жаңа жол, А.Қалыбеков, Достық, Иіржар, Бірлік, Жамбыл бастауыш партия ұйымдарында онлайн арқылы, Еңбекші, Ж.Нұрлыбаев, Болашақ, Мақтаарал, Нұрлы жол бастауыш партия ұйымдарында дәстүрлі бюллетен арқылы өз таңдауларын жасай алады.