50 гектардан аса суармалы жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев елге берген уәдесін орындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл әкімдердің есебі жаңа форматта өтуде. Бұрын әкімдер жылына 1 рет есеп берсе, биылдан бастап аудан, ауыл әкімдері тоқсанына бір рет, жалпы жылына 4 рет елді мекендерді аралап, халықпен кездеседі.
Осыған орай 2022 жылдың ақпан айында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Жүзімдік ауылдық округінің қоғамдастық мүшелерімен кездескен болатын. Кездесуде ауыл ақсақалдары егін егу маусымында ағын су тапшылығы өзекті мәселеге айналып жатқандығын айтып, ауылға келетін канал, қашыртқыларды тазалап беруін сұраған. Өз кезегінде аудан басшысы Ақментай Үсенұлы мәселені шешу мақсатында тиісті бөлімдерге тапсырма жүктеп, орындалуын бақылауға алды.
Нәтижесінде Жүзімдік ауылдық округіндегі 3 каналды механикалық тазалаудан өткізу жоспарғаеніп, бүгінгі таңда Басабдал каналынан бастау алатын Бесқұбыр каналының 3,7 шақырымы тазаланып бітті. Жоспарлы жұмыстар жалғасын тауып ауылдық округіндегі П-0 қашыртқысының 3,2 шақырымы және Р-20 каналы суағарымен қоса 6,4 шақырымы механикалық тазалаудан өтеді. Нәтижесінде 50 гектардан аса суармалы жерге су өткізу мүмкіндігі жақсаратын болады.
«Қазіргі таңда әлемде климат өзгеріп, су тапшылығы орын алуда. Ғалымдар бұл туралы дабыл қағып, қазірде мұны сезінудеміз. Қиындыққа қол қуыстырып отырмай, суды үнемдеуге көшкеніміз абзал. Жаңа технологияларды қолданып, тапшылатып, жаңбырлатып суару әдісін меңгеруіміз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстарға әрқашан қолдау көрсетеміз», - деген аудан басшысы өз сөзінде.
Бүгінде ауданда 26 316 гектар аумаққа егін егілсе, соның 345 гектарына 180ге жуық шаруа тамшылатып суару әдісін қолданады. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып, шаруалар тың технологияны иегеруде.