Түркістандық азамат ауласынан зообақ ашқан

0
568

Аңдар саны күн сайын артып келеді.


Түркістандық азамат ауласынан зообақ ашқан

Түркістан облысының тұрғыны үй ауласынан зообақ ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Әбдірахым Қошқаров үйінде ерекше аң-құстары бар зообақ ашқан.


Онда жануарлардың 30-дан аса түрі бар. Түлкі, қоян, түйеқұс, тауыс, бүркіт, қаз-үйрек, тауықтың сан түрін көре аласыз.


Зообақ иесінің айтуынша, аңдар саны күн сайын артып келеді.


«Қазір зообағымызды толықтырып, франциялық, англиялық, голландық ешкілерді алдыртып жатырмыз. Олар күніне 5-6 литрге дейін сүт береді. Бір ерекшелігі - зообақ барлық келушілерге тегін. Бүгінде тек ауыл тұрғындары ғана келіп жатыр. Алдағы уақытта хайуанаттар қатарын көбейтіп, зообақтың ресми ашылу салтанатын өткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді зообақ иесі.