Төрт жылда бір өтетін кешенді додада балуандар жеңіс үшін барын салды.
Түркістандық балуан еркін күрестен VI жазғы спартакиаданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасының күрес түрлері бәсекесі аяқталды. 3-ші ақпанда грек-рим күресінен бастау алып, әйелдер күресінен мықтылар анықталып, еркін күрес шеберлері қорытындылады. Төрт жылда бір өтетін кешенді додада балуандар жеңіс үшін барын салды.
Түркістан облысының намысын қорғаған 61 келідегі Нұрболат Абдуалиев барлық қарсыластарының жауырынын жерге тигізіп, дүбірлі доданың жеңімпазы атанды. Ал тағы бір түркістандық балуан Асылжан Есенгелді 61 келіде бақ сынап, қола жүлдені қанағат етті.
Еркін күрестен жалпы есепте Жамбыл облысы 1-орын алса, Астана қаласы 2-орыннан көрінді. Үшінші орынға Павлодар өңірінің еркін күрес шеберлері ие болды.