Түркістандық балуандар ел чемпионатында жеңімпаз атанды

0
1 167

Бірнеше спортшы жүлде еншіледі.


Түркістандық балуандар ел чемпионатында жеңімпаз атанды

Түркістандық балуандар ел чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Олимпиада ойындарының көркін қыздыратын күрес түрлері Түркістан облысында жоғары деңгейде дамып келеді. Шымкент каласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде өткен еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы кезекті Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының құрамасы бас жүлдені иеленіп, спортсүйер қауымды қуантты.


Атап өтсек, боз кілемде 44 келі салмақта белдескен жерлесіміз Асамбек Нұрасыл алтын медаль иеленді. Ал күресуде ерекше шеберлігімен көзге түскен 48 келідегі Олжас Жауынбаев күміс жүлде еншіледі. Одан бөлек, түркістандық Мұхаммеджан Орынбасар мен Сейдахмет Сұнқар да күміс жүлде иеленді. Жас та болса арманы биік Қаһарман Әбілқайыр мен Асамбек Бекасыл және Әбіл Ерхан қола жүлдегер атанса, ауыр салмақта күрескен Есбол Төлеуов те жүлделі үшінші орын алды.