Таразда Қазақстан Республикасының Кубогі өтті.
Түркістан облысының балуандары ел кубогінде топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тараз қаласында ересектер арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Бас жүлдені сарапқа салған еліміздің кіл мықты балуандары арасындағы сайыс өте тартысты өрбіді.
Ел Кубогінде өнер көрсетіп, Түркістан облысының намысын қорғаған 90 келідегі Руслан Аллаберді жеңімпаз атанып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал облыстың мақтанышына айналып талай халықаралық додаларда топ жарып келе жатқан талантты балуан 100 келі салмақта белдескен Қайсар Шәмшидин мен 74 келі салмақта сынға түскен Шадияр Қуандық және 55 келіде күрескен Розимон Тугушев қола жүлдегер атанды.