Түркістандық бишілер супер гран-при иегері атанды

0
890

Ұжым былтыр «Talant Kazakhstan», «Samga», «Turan bala fest» өнер фестивальдерінде грант при жүлдесіне қол жеткізген.


Түркістандық бишілер супер гран-при иегері атанды

Түркістандық бишілер республикалық өнер фестивалінде супер гран-при иегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елордада өткен «Daryndar sazy» өнер фестивалінде «Сымбат» би ансамблі супер гран-при жеңімпазы атанды. 25 би тобы қатысқан сайыста бағы жанған өнер ұжымы қаржылай сый-сияпатқа да ие болды. Рухани астананың мерейін үстем еткен түркістандық биші қыздарды темір жол вокзалынан ата-аналар мен туған-туыстары күтіп алды.


«Шәкірттерім тағы да үмітімді ақтады. Әрдайым қолдау білдіріп, біз үшін тілектес болып жүрген жандарға үлкен рахмет. Қуанышты бөліссең көбейеді деген тәмсіл еске түседі осындай сәтте. Қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы жеңісімізбен арнайы құттықтағанына алғыс білдіремін Жемісті де жеңісті күндеріміз әлі алда», - деді би тобының жетекшісі Айжан Жұманова.


Шығармашылық ұжым былтыр «Talant Kazakhstan», «Samga», «Turan bala fest» өнер фестивальдерінде грант при жүлдесіне қол жеткізген. Балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары биылғы жылда да айтарлықтай белесті бағындырды.