​Түркістандық дәрігерлерге Ресейдің үздік мамандары дәріс оқиды

0
1 410

Түркістан облысында алғаш рет облыстың невролог-дәрігерлері мен Ресейдің үздік медицина мамандары ауқымды кездесуі өтуде.


​Түркістандық дәрігерлерге Ресейдің үздік мамандары дәріс оқиды

Шетелдік дәрігерлер Түркістан облысының мамандарының кәсіби біліктілігіне өте жоғары бағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдағы уақытта облыс дәрігерлері үшін академик Павлов атындағы Санкт-Петербург университетінің неврология кафедрасының доценті, білікті реабилитолог Камаева Ольга Викторовна мастер-класс өткізуде. Осы саладағы үздік мамандардың бірі 14-19 қаңтар аралығында инсультпен ауыратын науқастарға көмек көрсететін неврологиялық бөлімшелердің қызметкерлері үшін (невролог-дәрігерлер, реабилитолог-дәрігерлер, ЕДШ мамандары, медбикелер, логопедтер) "инсультпен ауыратын науқастарды оңалтуда пәнаралық тәсіл" тақырыптық жетілдіру курсы бойынша циклдық дәріс жүргізеді.

Дәрістің негізгі мақсаты - неврологиялық бөлімшелердің қызметкерлерін инсультке шалдыққаннауқастарға және олардың отбасыларына оңалту көмегін көрсетуде пәнаралық тәсілге үйрету. Оқыту курсы кезінде облыс дәрігерлері пациент пен оның отбасының мәселелерін бағалауда холистикалық көзқарасты көрсетуге үйренеді. Пациенттің жағдайын бағалауда және оны жүргізуді жоспарлауда көмек көрсетудің негізгі теориялық мәселелерін (әрқайсысы өз мамандығы бойынша) білу, өмір сүру және денсаулықты шектеудің халықаралық жіктемесі тұжырымдамасында оңалту диагнозын жасай алады (ДДҰ, 2001).

Ольга Камаеваның атап өткеніндей, әр дәрігер үшін пациенттің проблемаларын командалық талқылау, оңалтудың қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарын қою дағдылары болуы қажет. Жүргізілген оңалту емінің тиімділігін бағалаудың барабар тәсілдерін таңдай білу маңызды.

Сонымен қатар, ресейлік мамандар жұтынуды скринингтік тестілеу сияқты күрделі науқастарды жүргізу үшін қажетті практикалық дағдылардың тізімін жүргізеді.

Оқытуды мультидисциплинарлық бригадалардың қызметкерлері Түркістан облысының бес инсульт орталығында жүргізеді.