Жалғызбасты және көпбалалы ана қоғамдық қабылдауға қаржылай көмек сұрап келген.
Түркістандық депутат тұрғындарды мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының "Open space" үлгісіндегі ғимаратында қалалық мәслихаттың депутаты Мади Аманжол Данаханұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды.
Алғашқылардың қатарында еркеше қажеттілігі бар баланы асырап отырған ана көмек қолын созуды сұрап келген. 3 баласыда ерекше күтімді қажет еткендіктен, отбасында қаржылық мәселелер көп екенін жасырмады. 2 ай көлемінде жәрдемақыларын ала алмағанын айтады. Қалалық мәслихат депутаты Мади Аманжол бұл мәселенің шешімі табылуы үшін ресми түрде жауапты мекемеге барып, өтініш жазуы керек екенін айтты. Және осы істің анық-қанығын өз бақылауында қарап, шешімін тексеретінін жеткізді.
Сондай-ақ, жалғызбасты және көпбалалы ана қоғамдық қабылдауға қаржылай көмек сұрап келген. Қазіргі таңда пәтер жалдап тұрғандықтан, қыстың күнгі отын-судың қамы қалтаны қағатынын айтады. Бұл мәселеге Аманжол Данаханұлы өз қалатасынан 3 тонна көмір алып, қамтамасыз етпек.
Тағы бір азамат қоғамдық қабылдауға онға жуық қала тұрғынының шағымдарын баяндады. Шағымда Фтизопедиатор - дәрігері қала бойынша 2 ауруханада ғана бар екен. Бұл мамандық негізінде өкпе қабынуы мен туберкулез ауруларын емдейтін маман. Мұндай маманның орталық аумақта болуы қажеттігін түсіндіріп, тұрғындар ыңғайлылығы үшін алда жұмыстар жүргізіледі.
Ерекше қажеттілікті талап ететін бүлдіршіннің анасы жұмысқа орналасуды сұрап келеген. Жұмыс жасап отырған мекемеден босап қалған азамат өзінің жағдайын осылай баяндады. Мади Аманжол мекеме басшысына хабарласып, тұрғынның жағдайын түсіндіріп, қайта жұмысқа қабылдауын сұрады. Жалпы, мекеме басшысы бұл қызметкердің апта бойы еш себепсіз жұмысқа келмеуі, қызметтен босауына себеп болған дейді.