Жеке қаражаттары есебінен.
Нұротандық депутаттар көше жарықшамдарын орнатып берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайрам ауданының әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Ұласбек Сәдібекұлының Қарасу ауылдық округіндегі он күндік іс шара барысында қоғамдық қабылдауына келген ауыл тұрғыны Маулен Азимханов К.Байсейтова көшесіне жарықшамдар орнатып беру тұралы өтініш айтқан болатын. Мәселе бұған дейін де ауыл тұрғындары тарапынан көтеріліп, он күндік жоспарға енгізілген. Көпке созылмай аталған көшеге Сайрам ауданы мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері Байсеит Жолдасбекұлы мен Қадырбек Садықұлы демеушілік жасап, жеке қаражаттары есебінен көше жарықшамдарын орнатып берді.