Түркістандық диқандар 6500 тонна қарбызды экспорттады

0
1 181

160 теңгеден жанармай үлестіріліп жатыр.


Түркістандық диқандар 6500 тонна қарбызды экспорттады

Түркістан облысы Шардара ауданының диқандары 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Шардара ауданының шаруалары жинаған өнім Қазақстан аумағына және ТМД елдеріне жөнелтілген. Бүгінде әр жерден келген тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 80-95 теңге аралығында сатып алып жатыр.

Айта айтсақ, биылғы жылы Шардара ауданында 10710 га жерге бақша өнімдерін егу жоспарланған. Қазіргі уақытта 7380 гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, егістік алқаптарына минералды тыңайтқыштар тасымалдау жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асуда. Аталған жұмыс аясында «Нимэкс», «Мырзакент» ЖШС-і шаруаларға минералды тыңайтқыштар тасымалдауды фьючерс арқылы таратуды қолға алған.

Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп, ақпан айына 780 тонна, наурызда 780 тонна, сәуір айына 910 тонна және мамыр айына 650 тонна жеткізілген. Одан бөлек, операторлардың жанар-жағармай бекеттерінде жеңілдетілген бағада 160 теңгеден жанармай үлестіріліп жатыр.