Түркістандық ескекшілер Қазақстан чемпионы атанды

0
962

Жарысқа 5 команда құрамында 120 спортшы қатысты.


Түркістандық ескекшілер Қазақстан чемпионы атанды

Түркістан облысының ескекшілері Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Теміртау қаласында академиялық ескек есуден Қазақстанның командалық чемпионаты өтті. Жарысқа 5 команда құрамында 120 спортшы қатысты. Айтулы сында Түркістан облысының командасы кезекті рет Қазақстан чемпионы атанды.


Су спорт түрлері бойынша Түркістан облыстық БЖСМ тәрбиеленушілері бағдарламаның 20 түрінен 12 алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ команда қоржынында 6 күміс және 2 қола медаль бар. Екінші орын астаналықтарға бұйырса, үшінші орынды Қарағанды облысының ескекшілері жеңіп алды.


Түркістан өңірі командасы сапында түрлі бағдарламалар бойынша Б.Цатышаев, И.Чернухин, К.Бекбембетов, А.Саттарбек, М.Жақыпова, В.Яковлев, Р.Кеңес, Е.Носкова, В.Волкодавова, Н.Тиляева, А.Полянина, В.Галкин, А.Керимбек, А.Афанасьев, А.Айдарова, А.Жаркова және топ жарды.


Спортшыларды аталған жарысқа Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Михаил Ковалев пен жоғары санатты жаттықтырушылар –Руслан Фаритов, Виктория Ли, Александр Степенко даярлады.