Түркістандық кәсіпкер дәрігерлер мен науқастарға ыстық тамақ үлестірді

0
845

Мейрамхана иесі қаралы күнде қызметкерлерге құрмет көрсетуді ұйғарған.


Түркістандық кәсіпкер дәрігерлер мен науқастарға ыстық тамақ үлестірді

Арыстық кәсіпкер медицина қызметкердері мен ем алушыларға ыстық тамақ таратты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде болып жатқан қазіргі қиын ахуалға байланысты әркім қолынан келгенше қолғабыс қылуға тырысып жатыр. Солардың бірі Арыс қаласында орналасқан "Bi_havechick_arys" мейрамханасы. Аталған мейрамхана иесі коронавируспен күресіп жатқан ақ халаттылар мен ауруханадағы ем қабылдап жатқан науқастарға ыстық тамақ таратты.

«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы 13 шілде - жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған соң, біз, яғни Bi_havechick_arys мейрамханасы, Арыс қаласының орталық ауруханасына және тораптық ауруханасындағы науқастарға, иісі мұсылманның қанына сіңген дәстүрі ретінде, сондай ақ,аза тұту күнін ескере отырып,науқас жандарға тамақ жасап апаруды ұйғардық. Алла тілек ниетімізді қабыл еткей. Осы қаралы күн аурудан айыға алмай кеткен марқұмдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алдық, жатқан жерлері жайлы топырағы торқа болсын», - дейді жаны жомарт кәсіпкер.

Бұл туралы: "Игі бастаманы қолдарына алып, медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалаған іскер жерлестерімізге ризашылығымызды білдіреміз",- делінген Арыс қаласы әкімдігінің ресми парақшасында.