Түркістандық кәсіпкер еккен күрішін шет елге экспорттап жатыр

0
1 057

Экспорт көлемін арттыруды жоспарлауда.


Түркістандық кәсіпкер еккен күрішін шет елге экспорттап жатыр

Шардаралық кәсіпкер өнімін экспортқа шығаруда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Шардара ауданындағы "Ырыс-2017" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Ержан Қарабаев шағалалы аудандағы белді де беделді кәсіп өкілдерінің бірі. Аталған өндірістік кооператив ауыл шаруашылығы саласының ішіндегі мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен шұғылданып, алған өнімдерін шет елге экспорттаумен айналысып келе жатыр екен.

Сондай-ақ, жергілікті 40 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер 2-3 жылдан бері шаруа қожалығын күріш цехымен толықтырып, жұмыс істеуде. Ержан Қарабаев бақша, мақта, мал азығы саналатын егістіктен бөлек 700 гектар жерге күріш егіп, күріш цехынан күніне 35 тоннаға жуық жоғары сұрыпты дайын өнім шығарып жатыр. Жеке кәсіпкер "Лазер" және "Мустаһиллиһ" күріш сорттарын егіп, оны өз елімізден бөлек Қырғызстан мен Ауғаныстан елдеріне экспорттау үстінде. Бірнеше кәсіптің басын ұстаған шаруа алдағы уақытта егістік, өнім мен экспорт көлемін ұлғайтып, шағын цехты үлкен зауытқа айналдыруды да көздеп отырғанын айтты.