Түркістандық кәсіпкер құлпынай өсіріп, табысқа кенеліп отыр

0
1 665

Кәсіпкер өнімін жылына 3 рет жинайды екен.


Түркістандық кәсіпкер құлпынай өсіріп, табысқа кенеліп отыр

Түркістан облысы Төлеби ауданы Алғабас елді мекенінің тұрғыны 4 жылдан бері құлпынай өсірумен айналысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Алғабас елді мекенінің тұрғыны Жиенбаев Қанат 2015 жылдан бері бос жатқан 70 соттық жерінің 50 соттық жеріне тамшылатып суғару әдісін пайдаланып, құлпынай егумен айналысып келе жатыр. Аталған шаруашылықта қажеттіліге қарай 4 адамнан 12 адамға дейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, күніне әрқайсысына 2200 теңгеден төлейді екен.


Жеке кәсіпкердің айтуынша, бір маусымда 1 тонна көлемінде құлпынай алады екен және өнімдерін мамыр, шілде және қыркүйек айларында жинайды. Тіпті, кәсіпкер төртінші мәрте дәрілік қоспасыз өнім алуды жоспарлап отыр.

«Өз өнімдерімді базарға шығарып әуре болмай-ақ, өзіміздің Бірінші Мамыр, Зағамбар, Ынтымақ ауылдарына 600 теңгеден сатып жатырмын. Жұмыс жоқ, ақша жоқ деп жүрген азаматтарға осында келіп, болып жатқан істі көзбен көріп, ауласындағы бос жатқан жерді игілігіне жаратып жатса, құба-құп болар еді», - дейді өз сөзінде Қ.Жиенбаев.