Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар – облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.
Өскеменде құсбегіліктен Қазақстан Республикасының XVII чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өскеменде қазақтың ұлттық өнері құсбегіліктен (бүркіт, қаршыға, ителгі) Қазақстан Республикасының XVII чемпионаты мәресіне жетті. Елішілік сайыста түркістандық құсбегілер жарады. Жалпы облыс намысын 5 спортшы қорғап, 1 алтын, 1 қола медаль иеленді.
Қаршыға бәсекесі бойынша жерлесіміз Ибрагим Базарбаев 1-орын иеленсе, ителгі сайысы бойынша Дәурен Аршабай 3-орынға тұрақтады. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар – облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.