Түркістандық оқушылар республикалық лигада топ жарды

0
869

Турнир барысында бірде-бір рет жеңілген жоқ.


Түркістандық оқушылар республикалық лигада топ жарды

Түркістандық оқушылар - республикалық лиганың жеңімпазы, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан "Ұлттық мектеп лигасы" республикалық турнирінде Түркістан қаласындағы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназияның оқушылары лига жеңімпазы атанды. Волейболдан 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген облыстық жарыста биіктен көрініп, елордаға аттанған жас волейболшылар турнир барысында бірде-бір рет жеңілген жоқ. Жартылай финалда жергілікті елордалық команданы, ал финалда Павлодар облысынан келген қарсыластарға дес бермей, жеңімпаз кубогіне ие болды.

Айта кетерлігі, осыған дейін Ақмола облысының Щучинск қаласында баскетболдан 9-11 сынып ұлдары арасындағы турнир мәреге жеткен болатын. Онда Түркістан қаласындағы Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназияның оқушылары лайықты ойын-өрнектерімен дараланып, IV орынға табан тіреді.