Түркістандық полицейлер жоғалып кеткен 4 баланы тапты

0
656

11 жастағы қыз бен 7, 5 және 4 жастағы ұлдар.


Түркістандық полицейлер жоғалып кеткен 4 баланы тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған төрт бірдей баланы тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, тез арада көмек керек болып тұрғанын айтады. Хабарласқан әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен 7, 5, 4 жастағы ұл балалары таңғы уақытта үйдің ауласында ойнап жүрген. Біршама уақыттан кейін қараса, жақын арада балалары көрінбейді. Анасы өз бетінше ары-бері іздеп, жарты сағаттай уақытын жұмсайды. Іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін, полицейлерден жәрдем сұрайды.

Бір отбасының 4 бірдей жас балалары ұшты-күйлі жоғалғанын естіген полицейлер оларды аман-есен үйіне қайтару үшін бірден әрекет етіп, оқиға орнына бірнеше топқа бөлінген тәртіп сақшылары жедел жетеді.

Бірнеше сағатқа созылған полицейлердің іздестіруі оң нәтиже беріп, балалар 8 шақырым қашықтықтағы басқа көшеден табылды. Осылайша ойнап жүріп адасқан бүлдіршіндерді ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Тойлыбай Қоштаев дін аман тапты. Тәртіп сақшылары балалардың ас-суын беріп, жағдайы жақсы екеніне көз жеткізіп, ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Содан кейін балақайларды үйлеріне қайтарды.