Белгілі болғанындай, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы жүзім бақтарының бірінде құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
ERNUR.KZ. Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, деп жазады inbusiness.kz.
Белгілі болғанындай, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы жүзім бақтарының бірінде құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды", – деп жазды Ішкі істер министрлігінен.
Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.