Түркістандық шаруашылық жылына 150 мың тонна ет өндіреді

0
776

Ет ауданның ішкі нарығы мен Түркістан облысындағы өзге де аудандарға жөнелтіліп жатыр.


Түркістандық шаруашылық жылына 150 мың тонна ет өндіреді

Шардара ауданындағы шаруа қожалық жылына 150 мың тоннаға жуық ет өндіреді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Шардара ауданының орталығында орналасқан «Ақарыс» шаруа қожалығы 2017 жылы құрылған. Қазіргі таңда қожалықта 80 бас ірі қара бар. Аталған қожалыұ мал бордақылап, ет өндіру бағытында жұмыс істеп келеді. Қожалықтың іс жүргізушісі Рамазан Сайнановтың айтуынша, отбасылық кәсіпте 4 адам жұмыспен қамтылып отыр. Орташа жалақы – 70 мың теңге көлемінде. Бордақыланған малдың еті – ауданның ішкі нарығы мен Түркістан облысындағы өзге де аудандарға жөнелтіліп жатыр.

Шаруа қожалықта өзінің жеке мал сою орны мен жем-шөп дайындайтын арнайы цехы бар. Рамазан Талғатұлы алдағы уақытта қожалықтың аумағын үлкейтіп, мал басын арттыруды көздеп отыр. Өйткені, ет өніміне сұраныс артып отырған көрінеді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда ел экономикасының басым бағыты болып есептелетін ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту қолға алынып, түрлі бағдарламалар мен қолдаулар қарастырылып жатыр. Кәсіпкерлікке бет бұру да өз жемісін беріп келеді.