Словакия төріндегі сайыста қазақ дзюдошылары 12 медаль жеңіп алды.
Словакияда жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Словакияның Шаморин қаласында жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өтті. Дүбірлі сында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дзюдошылары сәтті өнер көрсетті. Олардың арасында Түркістан өңірінің өрені Ернұр Батырғали еліміздің Әнұранын шарықтатты.
Халықаралық деңгейде өткен күрес додасында Ернұр Батырғали +55 келіде бақ сынап, барлық қарсыласынан басым түсті. Талантты спортшы өзінің мықтылығын дәлелдеп, алтын медальға ие болды.
Айта кетейік, Словакия төріндегі сайыста қазақ дзюдошылары 12 медаль жеңіп алды.