Түркістандық спортшылар әлем біріншілігінде топ жарды

0
879

4 алтын, 3 күміс медаль иеленді.


Түркістандық спортшылар әлем біріншілігінде топ жарды

Ұлттық спорт түрінен жасөспірімдер, жастар және әйелдер арасында Әлем кубогі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Талдықорған қаласында Жекпе-жек Ұлттық спорт түрінен жасөспірімдер, жастар және әйелдер арасында Әлем кубогі өтті. Кеңес одағының батыры, даңқты генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған турнирге дүниежүзінің 11 мемлекетінен келген спортшылар бақ сынады. Турнирде тартысты өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшылары 4 алтын, 3 күміс медаль иеленді. Жүлдегерлер Жоғары спорт шеберлігі мектебінің сайыпқырандары.


Атап өтсек, жекпе-жек бәсекесінде Асқар Әбдімомынов, Меруерт Нұрмаханова мен Махсуда Жаппарова күміс жүлдегер атанды. Ал, Бекжан Әбілқасым, Әділ Шәкір, Мейіржан Әниятов және Бексұлтан Нұржігіт алтыннан алқа тағынды.