​Түркістандық театр әртістері әлеуметтік шындықты сахналады

0
1 718

Оқиға желісінде - отбасылық тұрақсыздық пен өгей әкенің нәрестеге жасаған әділетсіздігі, жауапсыз ата-ана мен шетелге сатылған бала тағдыры сомдалды. Қоюшы-режиссері профессор К.Сейтметов.


​Түркістандық театр әртістері әлеуметтік шындықты  сахналады

Түркістандық театр әртістері әлеуметтік шындықты сахналады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында Ж.Жұматтың «Тірі жан» драмасы сахналанды. Оқиға желісінде - отбасылық тұрақсыздық пен өгей әкенің нәрестеге жасаған әділетсіздігі, жауапсыз ата-ана мен шетелге сатылған бала тағдыры сомдалды. Қоюшы-режиссері профессор К.Сейтметов.

Қойылым драма-театр ұжымы мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында көрермен назарына ұсынылып отыр. «Осылайша қоғамның індеті саналатын өзекті мәселені жеткізгіміз келеді»,- деген театр директоры Е.Исатаев қойылымның әсіресе жастар үшін бері көп екендігін тілге тиек етті.
«Баласының келешегі кемел болғаны әрбір ата-ана үшін маңызды. Бала болашағымыз. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2030 жылы дамыған отыз елдің қатарына қосылу туралы айтқан болатын. Сондықтан мұндай мәселелерге бей-жай қарауға болмайды. Жемқорлық фактілерін болдырмау барлығымыздың бірінші кезектегі міндетіміз болуы керек», - деді департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы.
Қойылымнан тағылымды әсер алған көрермендер қоғамда орын алып жатқан селқостық әрекеттердің опық жегізерін тағы да ұғынып, театр әртістерінің өнеріне қошемет көрсетті.