Талантты теннисші жұптық сында 2 орыннан көрінсе, жекелей ойында жеңімпаз атанып, ел мерейін асқақтатты.
Түркістандық Заңғар Түркия төрінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркияның Измир қаласында 22-28 сәуір күндері үлкен теннистен 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында ITF-100 халықаралық турнирі өтті. Үздік теннисшілер жиналған байрақты додада Қазақстанның жас өрені, Түркістан облысының дарынды спортшысы Заңғар Нұрланұлы бағын сынап, нәтижелі өнер көрсетті.
Талантты теннисші жұптық сында 2 орыннан көрінсе, жекелей ойында жеңімпаз атанып, ел мерейін асқақтатты. Болашағынан мол үміт күттіретін түркістандық теннисші Нұрлан Заңғарұлы – облыстық «Түркістан теннис клубының» шәкірті.