Түркістандық тұрғын қайтыс болған әкесінің зенетақысын алып келген

0
2 502

2 жыл 3 ай заңсыз алған.


Түркістандық тұрғын қайтыс болған әкесінің зенетақысын алып келген

Түркістан облысында өмірден өткен әкесінің зейнетақысын заңсыз алып отырған тұрғын анықталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция басқармасына аудан прокуратурасынан құжаттар келіп, онда жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болған әкесіне мемлекет тарапынан төленетін зейнетақысын заңсыз алып келгені көрсетілген. Осылайша тұрғын зейнетақыны алу мүмкіншілігі жоқ екенін біле тұра, 2 жыл 3 ай заңсыз алып, мемлекетке 1 миллион 200 мың теңгеден астам шығын келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Ақпарат алысымен полицейлер бірден әрекет етіп, күдікті тұрғынның жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, АПБ-ға жеткізді. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Бас шарасы «міндеттемеде». Бүгінде тұрғын мемлекет тарапынан 2 жыл алдын дүниеден өткен әкесінің атынан алып отырған ақшаларды қайтарған.

Түркістан облысының полицейлері осындай оңай жолмен ақша таппақ болған тұрғындарды құрықтауда.