Түркістандық тұрғын өзен жағасынан 4 граната тауып алды

0
742

Қайда жасырарын білмепті.


Түркістандық тұрғын өзен жағасынан 4 граната тауып алды

Балық аулаға барған келестік тұрғын граната тауып алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының тұрғыны полиция қызметкерлеріне 4 дана РГД-5 жарылғыш затын тапсырды. Ол бұл жарылғыш заттарды өзен бойынан тауып алған.


Балық аудауға шыққан тұрғын заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды полицейлер сатып алып жатқанын естіп, бірден бөлімге алып барған және өткізген жарылғыш затқа сыйақы беруін сұраған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Айта кетейік, 25 сәуірден бастап Түркістан облысы аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өтіп жатыр.