Шақалақтың мәйітін тұрғындар тапқан.
Түркістан облысының полицейлері ағын суға шақалағын ағызып жіберген азаматты анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
16 қараша күні Сайрам АПБ-ға тұрғындардан жаңа туған нәрестенің мәйіті ағын судан табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына жетіп, жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен тілдескен. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
"Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы "Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі" бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады", - делінген облыстық полиция департаментінің мәлімдемесінде.