Түркістандық тұрғындардың мәселесі "Ашық есік" күнінде қаралады

0
534

Қабылдау күнінің уақыты кезекте тұрған жандарға жеке хабарланатын болады.


Түркістандық тұрғындардың мәселесі

Түркістан қаласы әкімдігінің Халықтық кеңсесі арқылы 100-ден астам тұрғын қала әкімінің жеке қабылдауына жазылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рашид Абатұлы жауапты бөлім басшыларымен бірге кезекке жазылған азаматтардың жеке мәселелерін қарады. Түркістан қаласы әкімдігінің Халықтық кеңсесі арқылы қазіргі уақытта 163 тұрғын қала әкімінің жеке қабылдауына жазылған. Шаhар басшысы пандемия салдарынан бұған дейін әр мөлтек аудандардағы мектептерде және белгілі шектеумен тұрғындарды қабылдап келген болатын. Қабылдау кезегінде тұрған азаматтардың мәселесінің маңыздылығын ескере, келер апта ішінде "Ашық есік күнін" өткізуді ұсынды. Қабылдау күнінің уақыты кезекте тұрған жандарға жеке хабарланатын болады.

Рашид Абатұлы тұрғындардың мәселелерін алдын ала пысықтау барысында сауалдардың басым бөлігі жер, тұрғын үй және жұмыссыздық мәселесі екенін айтып, аталған бөлім басшыларына түрлі салалар бойынша мәселені толық және нақты әрекетпен шешіп, назар аударуды ескертті.

Қала әкімі одан өзге "Цифрландыру бөліміне" пандемия кезінде жер кезегін үйде отырып білу үшін автоматтандырылған жүйе енгізіп, сайт жасақтауды тапсырды.