Түркістанға 100-ге жуық журналистер жиналды

0
1 288

Түркістанға келген журналистер Түркістан қаласының бас жоспарымен танысты.


Түркістанға 100-ге жуық журналистер жиналды

Түркістанға еліміздің 6 облысы мен 3 мегаполисінен журналистер келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Рухани астанаға еліміздің өңірлерінен 100-ге жуық журналист келді. БАҚ-өкілдері Қ.А.Яссауи кесенесіне барып хандар мен батырлардың, билердің рухына құран бағыштады. Сондай-ақ, 20 жасында олимпиада шыңына шыққан тұңғыш қазақ боксшысы Бекзат Саттархановтың да бейітіне барды.

Мұнан кейін облыс орталығының бас жоспарымен танысып, Түркістанда бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылысы барысын көріп қайтты.

Айта кету қажет, облыс орталығында бой көтеріп жатқан 6 нысан (облыс әкімдігі, медиа орталығы, саябақ, музыкалық мекеп, халыққа қызмет көрсету орталығы және олимпиадалық резервтегі спорт мектебі) 2019 жылы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Түркістан қаласының басты мақтанышы - Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі орналасқан 98 гектар аумақ жері рухани-мәдени орталық ретінде дамыту жұмыстары қолға алынған. Онда 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгінде 5 нысанының құрылыс жұмыстары басталған, атап айтқанда шығыс моншасы, амфитеатр, музыкалық су бұрқақ, қабылдау орталығы және де неке сарайы, аталған нысандар 2019 жылы пайдалануға берілетін болады.