Түркістаннан Нұр-Сұлтан қаласына ауылшаруашылық өнімдерінің керуені жөнелтілді

0
1 279

Жолға шыққан жүк көліктеріне жалпы құны 123,5 млн. теңгені құрайтын 243 тонна өнім тиелген.


Түркістаннан Нұр-Сұлтан қаласына ауылшаруашылық өнімдерінің керуені жөнелтілді

Түркістан облысында өндірілген ауылшаруашылық өнімдері керуені Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, керуен Нұр-Сұлтан қаласына жеткеннен соң өнімдер жәрмеңке қойылады.

Айта кетерлігі, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, ағымдағы жылдың маусым айының 22-23 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы тауар өндірушілері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші 243 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Олардың жалпы құны 123,5 млн. теңгені құрайды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15% төмен бағада сатылатын болады.

Жәрменкедегі ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі - 52,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 97,8 тонна, сүт өнімдері – 18,5 тонна, бақша өнімдері– 36 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 14,7 тонна, алма шырыны – 6 тонна, балық – 5 тонна, әсел - 2 тонна және 10,5 тонна өзге де ауыл шаруашылғы өнімдері бар.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында маусым айының 1-2 жұлдызында Түркістан облысының ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өткен болатын. Аталған жәрмеңкеге облыстан 77-тен астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жалпы құны 116 млн.теңге құрайтын 365 тонна өнім жіберілген.