​Түркістанның дамуына арналған төрт бағыт айқындалды

0
2 058

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтып өтті.


​Түркістанның дамуына арналған төрт бағыт айқындалды

Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, Түркістан қаласының идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағыт айқындалып отыр – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті. Жиынға республикаға танымал БАҚ өкілдері және өңірлік төртінші билік өкілдері арнайы қатысты.
Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, Түркістан қаласының идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағыт айқындалған болатын. Олар: біріншіден, Түркістан – қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан – әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға. Міне, осы 4 бағыт бойынша идеологиялық жұмыстар қолға алынады. Оның бірқатары Түркістан облысының 1 жылдығы аясында басталып та кетті.
Аз ғана уақыт ішінде облыс жеткен жетістіктер аз емес. Ары қарай да ел игілігі үшін атқарылатын шаруа шаш-етектен. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.