Үкімет басшысы Түркістан облысының орталығында болды

0
2 778

Үкімет басшысы өңірдің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға басымдық беру қажеттігін атап өтті.


Үкімет басшысы Түркістан облысының орталығында болды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысының орталығында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталының өңірдегі тілшісі.

Елбасы Жарлығымен жаңадан құрылған Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының əлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жобасымен танысқан Үкімет басшысы өңірдің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға басымдық беру қажеттігін атап өтті.
Бұл ретте Түркістан облысының əкімі Ж.Түймебаев Үкімет басшысына Түркістан қаласының бас жоспарын əзірлеу кезінде заман талабына сай қаланың əлеуетін арттыруға сеп болатын жаңа жобалар басшылыққа алынатынын жеткізді. Бұдан соң Премьер-министрдің жұмыс сапары Шымкенттен Түркістан қаласына көшірілетін мекемелерді жаңа ғимараттар салынғанға дейін орналастыратын нысандарды аралаумен жалғасты.