«Жайдарлы жүзді Жайдарман» кеші өтті

0
1 200

Тұңғыш Президент күніне орай "Қазығұртым киелім басымды саған иемін" тақырыбы аясында жайдарман ойыны болып өтті.


«Жайдарлы жүзді Жайдарман» кеші өтті

Жақында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында жастардың қатысуымен көңілді тапқырлар клубы кеші болып өтті, деп хабарлайды ERNUR. KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай "Қазығұртым, киелім, басымды саған иемін" тақырыбы аясында жайдарман ойыны болып өтті.

Жайдарманның мақсаты: туған жерге тағзым, отансүйгіштік сезімін оятып, жастардың бойынан елге деген адалдығын дәріптеу. Ауданның беделін көтеріп, мәдениетіне үлес қосу мақсаты аясында өткізілген іс-шараның жастарға, аудан халқына ерекше көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген көңілді кеште аудан тұрғындары мен мәдениет өкілдері де қатысты. Аталған шарада жайдарманшылардың өнеріне баға берген әділ-қазылар жүлделі орындарды табыстады.

Аталған сайысқа, көңілді тапқырлар клубының өзара жасақталған он үш команда қатысып өз өнерлерімен көзге түсті. Ерекше өнерілерімен көпшіліктің ықыласына бөленген командалар алғыс хаттармен марапатталды.