​Жетісай шаһары жасыл аймаққа айналатын болады

0
1 843

Түркістан облысындағы Жетісай қаласында 876 дана шырша мен 30 мыңға жуық түрлі ағаштар бар. Шаһар басшысы алдағы жылы қала көшелеріне тағы мың дана шырша отырғызуды жоспарлап отыр.


​Жетісай шаһары жасыл аймаққа айналатын болады

Жетісай қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінде бастау алған қаланы көркейту-көгалдандыру жұмыстары өз жалғасын тауып келеді, деп хабарлайды осы өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл игілікті шара ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен бастау алып, қаладағы М.Әуезов және Абай көшелерінің бойына 100 дана шырша отырғызылған болатын.

Енді міне, ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында көгалдандыру ісі жалғасын тауып, Жетісай қаласы мен Асықата кентін байланыстыратын автокөлік жолының бойына тағы 100 дана шырша ағашы, Нарбаев көшесінің бойына 30 түп катальпа және 30 түп шаған (ясень) ағаштары отырғызылды.

Қала басшысының айтуынша алдағы жылы шаһардың шырайын ашатын тағы да мың дана шырша көшеттері отырғызылатын болады.

Сонымен қатар қаладағы М.Әуезов көшесі бойындағы арық-атыздар мен Әл-Фараби, Т.Дайрашев, Ә.Қашаубаев көше бойларына тазалық жұмыстары атқарылды. Жетісай қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Есенбеков пен учаскелік полиция инспекторы Бекмырза Әбідрахмановтар әрбір көше тұрғындарымен кездесулер өткізіп, қатты тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастамау, әрбір тұрғын өз ауласы мен көшесңн таза ұстау керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарын жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын жақсарту бағытындағы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.