​Жетісайда Тәуелсіздік күніне орай қолөнершілер сайысы өтті

0
4 346

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» айдарымен өткен қолөнер көрмесіне 11 бірлестік қатысты.


​Жетісайда Тәуелсіздік күніне орай қолөнершілер сайысы өтті

Түркістан облысы Жетісай ауданында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы аясында көрерменнің көңілінен шыққан көрме сайысы болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мерекесіне орай Жетісай ауданындағы Ж.Ералиев ауылдық округінің «С.Сейфуллин» жалпы орта мектебінде көрме сайысы болып өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» айдарымен өткен қолөнер көрмесіне 11 бірлестік қатысты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағлан Алтынбековтің бастамасымен өткен сайыста темір мен ағаштан, пластикалық бұйымдар мен тоқыма, құрақ бұйымдар, қылқалам шеберлерінің туындылары ғана емес Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуы жолында еткен еңбектері жазылған, Елбасы жайлы әлем саясаткерлері мен отандық, жаһандық жазушыларының ой-пікірлері жайында сыр шертетін құнды кітаптар да жұртшылық назарына ұсынылды.

«С.Сейфуллин» атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ғазиза Шүкірбаева, Жетісай аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Асқар Ниязбеков қазылық еткен сайыста әрбір қатысушы өзі жасаған бұйымдарының жасалу жолдары мен қолданған заттарын, қандай мағына беретіні мен тарихы жайында әңгімелеп берді.

Жарыс қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен жүлделі бірінші орынды аталмыш мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Батила Усманова иеленді.