Жетісайдағы “Күлпаршын” базарының 75%-ы тазартылды

0
1 335

Базарды тездетіп іске қосу үшін нысан аумағы 6 секторға бөлінген.


Жетісайдағы  “Күлпаршын”  базарының 75%-ы тазартылды

“Күлпаршын” орталық базарын өрт қалдықтарынан тазалау жұмыстары бойынша 170-ке жуық жүк көлігімен 430 тонна қоқыс шығарылды. Таңға дейін базардың 75%-ы тазартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен базардың жаңа жобасы жасалып жатыр. Сауда нүктелері кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, өрт қауіпсіздігі толықтай сақталатындай етіп салынатын болады.
Базарды тездетіп іске қосу үшін нысан аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Қазығұрт аудандарының құрылысшылары жұмыс істейді.