​Жетісайлық жасөспірімдер жүлдемен оралды

0
1 636

Күрес – қазақ халқының ежелден келе жатқан спорттық ойындарының кең тараған түрінің бірі. Сонау атам заманда бастау алып, бүгінгі ұрпаққа дейін атаның қанымен жалғасын тауып келе жатқан спорттық ойындарымызды дәріптеу бүгінде кеңінен қолға алынып отыр.


​Жетісайлық жасөспірімдер жүлдемен оралды

Түркістан облысы Арыс қаласында еркін күрестен өткен халықаралық турнирден Жетісайлық балуандар жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018-жылдың 11-14 желтоқсан күндері аралығында Түркістан облысы Арыс қаласында еркін күрестен «Социалистік Еңбек Ері», «Отан» ордерінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Арыс қаласының «Құрметті азаматы» Әуезхан қажы Салықбаевтың жүлдесіне арналған ХХХІІІ халықаралық турнир болып өтті. 2002 – 2004-жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен байрақты бәсекеге еліміздің барлық облыстары мен қатар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларынан 430 спортшы қатысты.

Сонау ерте замандарда жауырыны жерге тимеген Балуан шолақ, Қажымұқан бабалары мен бертін келе Жақсылық Үшкемпіров пен Дәулет Тұрлыхановтарды үлгі еткен жасөспірімдердің жеңіске деген жігерлері көздерінен көрініп-ақ тұрды. Боз кілемге шыққанда бар мүмкіндіктері мен айла-тәсілдерін тиімді пайдалануға тырысып бақты. Өйткені – бұл турнирде жеңіске жеткен палуандардың көпшілігі үлкен спортқа қадам басып, ел намысын әлемдік ареналарда қорғап жүр.

Аталмыш сайыста Жетісай ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты №2 БЖСМ-нің палуандары Ануарбек Жандос пен Айтбай Нұрханат өз салмақ дәрежелерінде жүлделі І орынға көтерілсе, Арысбек Ақжігіт ІІІ орынға табан тіреді.

4 күнге созылған турнирдің қорытындысымен жүлделі орындарға ие болған жас спортшыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы заттай сыйлықтар мен медальдар, дипломдар табыс етілді.