​Жылқы ұрлаған түркістандық әйел ұсталды

0
620

Жайылымнан ұрлап сатып жіберген.


​Жылқы ұрлаған түркістандық әйел ұсталды

Түркістан облысының Түлкібас ауданында жайылымнан жылқы ұрлап сатып жіберген әйел ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ТүлкібасАПБ полиция қызметкерлеріорта жастағы күдікті әйелді анықтап бөлімшеге жеткізді. Күдіктімал ұрлығын пайдакүнемдік мақсатта жасағанын мойындады.

Белгілі болғандайкүдікті әйелжайылымдажалғыз жүрген жылқыны ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Содан кейін ол ұрланған малды 350 000 теңгеге сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Ұрланған жылқыны тәртіп сақшылары тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде екенін хабарлады ТО ПД баспасөз қызметі.