ERNUR.KZ. Сарыағашта жоғары сынып оқушылары аяусыз зорлады деген 7 жасар бала мен оның әжесі қоғам белсенділерінің көмегін алу үшін Алматыға жолға шыққан сәтте құқық қорғау қызметкерлері пойыздан түсіріп алып қалды.
ERNUR.KZ. Сарыағашта жоғары сынып оқушылары аяусыз зорлады деген 7 жасар бала мен оның әжесі қоғам белсенділерінің көмегін алу үшін Алматыға жолға шыққан сәтте құқық қорғау қызметкерлері пойыздан түсіріп алып қалды. Бұл туралы "Дом" қайырымдылық қорының басшысы, қоғам қайраткері Аружан Сайын өзінің желі парақшасында жария етті.
"Шұғыл! Көмек қажет! Бассыздық!
Алматыдан жолға шыққан жеті жасар бала мен әжейдің отбасын пойыздан күштеп түсіріп алып, ОҚО ІІД алып кетті. Шығарып салушыларға әжей мен баланы алып жүрген Дінмұxамед есіді азамат xабарласып, "Бізді пойыздан түсіріп алып жатыр, көмектесіңіздер" деп айқайлады да байланыс үзілді. Қазір адвокат Бауыржан Азанов сонда. Жанна Нұрсейітова жолға шықты.
Не боп кетті өзі? Қандай қақылары бар? Олар кімдер? Айыпталушылар ма? Қылмыскерлер ме? Бала ше? Оларды елімізде емін-еркін жүріп-тұруын шектеуге қандай қақылары бар?
Өзгелерден көмек сұрағаны үшін оларды қылмыскер көре ме? Заңгерлер? Адвокаттар? Не істеуге болады?
ІІМ министрі? Бас прокуратура? ОҚО әкімі? Кім көмектесе алады?" деп жазды Аружан Сайын.