Байып кету үшін үйде МЫНАҒАН мән беріңіз

0
15 746

Үнемдеу тек тарығып жүргендердің әдеті десеңіз, қатты қателесесіз. Үнемшілдік - қалтасы қалың, жағдайы жақсы, тұрмысы бақуат жандарға да қажет.


Байып кету үшін үйде МЫНАҒАН мән беріңіз

Үнемдеу - тек ақшаны ғана үнемдеуге қатысты нәрсе емес, сондай-ақ уақытты, күш пен жігерді, мүлікті үнемдеу, әрбір нәрсеге ұқыппен қарау. Өйткені, уақытсыз, күшсіз ақша да жоқ емес пе? Ал дәлқазіргі кезеңде үнемдеу аса қажет-ақ. Бірақ күнделікті өмірде, тұрмыста қолданылатын осынау «ғылымды» қолға алып игерудің деөзіндікқиындықтары көп. Отбасының қаржылық жағдайына қарамастан әрбір үйде үй шаруасында үнемділік артық етпесі анық. Біз бүгін үй шаруасында үнемдеудің аздаған қулықтары мен қажетті деген кеңестер жөнінде бөліспекпіз. Қажеттеріңізге жарасын.


Барлық елдердегі «жинақтау банктері» институттарының бірінші құрылтайын есте қалдыру негізінде, 1924 жылы 31 қазанды «халықаралық үнемдеу күні» ретінде белгілеп, жыл сайын атап өту туралы шешім қабылданады. Кейіннен 1989 жылы БҰҰ-ның нұсқауымен Халықаралық үнемдеу күні ресми түрде бекітіледі. Бүгінгі таңда көптеген елде Халықаралық үнемдеу күні ұмыт қалған, себебі оның датасы 31 қазан күні атап өтілетін Хеллоуин мерекесімен сәйкес келеді.


Алайда пайдасынан қорқынышы көп қайдағы бір Хеллоуин мерекесін тойлағаннан, қай кезде де қажетімізге тиімді, бай-бақуатты өмір сүрудің тікелей жолы «үнемдеу» туралы көбірек білген жөн секілді.



  • Жаңадан алынған созылмалы шұлықтарды (эластичные колготки) ұзақ киіп жүргіңіз келсе, жатарда тоңазытқышқа салып жатыңыз.
  • Жаңа сабынды 2-ге бөліп қойған дұрыс. Бұл жағдайда сабын ұзақ пайдалануға жетеді. Тура осылай асүйдегі қағаз сулық пен сорғышты да екіге бөліп қоюға болады.
  • Нанды тоңазытқышта сақтаңыз, тез көгеріп кетпейді.
  • Балауызды (свечи) тоңазытқышта сақтаса ұзақ жанатын болады.
  • Егер зәйтүн немесе өсімдік майын бұрын бұрыш салынған ыдысқа құйып қойсаңыз, оның исі тартымды болады, әрі ұзақ пайдалануға жетеді.
  • Тоңазытқыштың салат жапырақтары мен аскөк тұрған қатарына газет төсеген жөн. Сонда олар тез сарғайып кетпейді – ұзақ шыдайды.
  • Пайдаланылған ұнтақталған кофе қалдығын пеште кептіріп, тағы бір рет пайдалануға болады. Бұл әрекеттен кофенің дәмі өзгермейді.
  • Лакталған теріден (лакированной кожи) жасалған киімдерді химиялық тазалауға берудің қажеті жоқ. Оларды вазелинмен немесе банан қабығының ішкі жағымен сүртіп, артынан жұмсақ шүберекпен ысқылап жіберсеңіз болғаны.
  • Сондай-ақ тіс пастасынан да үнемдеуге болады. Ол үшін ас тұзын сумен араластырып, ерітіндісімен тісті ысқылап, ауызды шаю қажет. Мұндайда тістер таза болады, әрі қызылиекке де ауру жолай қоймайды.
  • Шаш сәндеуде пайдаланатын лосонь мен бальзамның орнына лимон шырынын немесе сыраны да пайдалануға болады.
  • Бет күтіміне арналған қымбат жақпамайларды, балаларға арналған қарапайым жақпамайлар ауыстыра алады.
  • Су мен қуат көзін үнемдеңіз. Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз.
  • Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Дәл осы жағдайлар қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.

Міне, байлықты қалаған адам үнемшіл болуы керек. Үнемдеу – біле білсеңіз адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі болып табылады. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Ол үшін үялудың да, намыстанудың да қажеті жоқ. Шындап кіріссеңіз барлығын да үнемдеуге болады. Уақытыңыздың да, қаражатыңыздың да қарымтасы барынша қайтатындай етіп, ақша мен уақытты жұмысқа жегіңіз, мүмкіншілікті ұтымды пайдаланыңыз.

Аударған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз:

Қан қысымы бар және жүрегі ауыратындарға БҰЛ КӨРПЕНІ жамылуға болмайды

Күн салқында ЖЫЛЫ ЖҮРУДІҢ 8 тәсілі