Кішкентай "кіш" етіп қойса иісі мен дағын қалай кетіруге болады?

0
9 038

Ел арасында ұл бала "кіш етіп" қойса, "қарбыздың суы" деп, ал қыз баланыкін "ащы иісті" санайтындар бар. десек те, зәрдің өзіндік өткір иісі болатындықтан, қайсысы болмасын, тиген жерінде "жұпарын" қалдырмай қоймайды.


Кішкентай

иллюстрациялық фото: babysfera.ru

Бұл мәселе кез-келген кішкентай сәбиі бар отбасында бар. Бала қашан өз бетінше айтып немесе түбекке отыруды үйренгенге дейін кез-келген жерде «кіш» еткізіп жіберіп жүре береді. Тіпті қазір бір реттік жөргектер болса да баланың денесі "демалуы" үшін пайдалануды азайтамыз. Сондай сәттерде ғой бар мәселенің пайда болатыны.

Ал әр жерге тиген зәрдің иісі мен одан қалған дақты кетіру біршама қиындық тудырып жатады. Себебі, зәрдің иісі ұзақ сақталып кетпей қоятыны бар. Сондықтан тазалықты ұстанған әрбір жан зәр тиген жерді бірден тазалап тастауға тырысу керек.


Үй жағдайында иісті және дақты кетірудің оңай жолдары

Зәрден қалған дақты да өзге дақтар секілді бірден тазалап тастау қажет. Өйткені неғұрлым аз сіңірілген дақ тазалауға соғұрлым оңай болады.



Бұл жерде бізге бірінші кезекте көмекке сірке суы келеді

Сірке суы – иіс пен дақты кетірудегі әмбебап құрал. Ол үшін бізге сірке суы мен судың 1:5 етіп алынған үлесі қажет, яғни 1литр суға 5 тамшы сірке суы. Егер былғанған зат жууға оңай болатын жұқа материалдан болса, онда ол затты сірке қышқылы араласқан қоспаға салып қою қажет. Ал алынуы қиын, мысалы кілем немесе жұмсақ жиһаз секілді заттардағы дақ пен иісті кетіру үшін, сірке суы қоспасын сол жерге шамалап құю керек және мұндай тәсілді иіс толығымен кеткенше қайталаған дұрыс.


Кір сабын және сірке суы

Мұндай қоспа бұрынырақтан қалған дақ пен иісті кетіруде өте күшті құрал. Дақ тиген аймақты жылы сумен сулап, артынша сабынмен ысқылап, 15 минутқа қалдырамыз. Аталған уақыт өткен соң, сабындалған жерді сірке суы мен су араласқан қоспа арқылы (1литр суға 1ас қасық сірке су) сорғышпен (губка) тазарып аламыз және жақсылап кептіреміз.


Сұйық сабынмен араласқан перекис қоспасы

Бұл үшін 2 шай қасық сұйық сабынға 10 мл сутегінің асқын тотығы (перекис водорода) араластырылады. Дайындалған қоспаны бүлінген жерге құйып, кебуге қалдыру керек. Кепкен соң сол жерді таза жылы сумен сүртіп алу қажет.


Жаңа пайда болған дақтарды тазалап алуға қағаз сулықтар өте жақсы көмектеседі

Су болып, дақ тиген аумақ неғұрлым үлкен болса соғұрлым көп сулық қажет болады. Қағаз сулықтарды толығымен сіңіріп алғанша алмастырып отырамыз. Сондай-ақ дақ тиген аймақты фен арқылы кептіріп алуға болрады. Тек фенді тым жақын емес, алыстау ұстаған жөн.

Тағы бір амалы - үтік арқылы кептіру. Су тиген жерді қайталап үтіктей отырып, кептіріп аламыз.


Құрғақ күл иісті алады

Ал мақта көрпе көрпешелер үшін, ошақтан шыққан таза күл де өте жақсы көмек. Ол үшін су болған жерге құрағақ күлді тастап, 2-3 сағатқа қалдырамыз. Аталған уақыт өткен соң күлді қағып түсіріп, кез-келген сабынды сумен жуып тазартып аламыз.

Бала болған соң "кіш" етеді. Солай етсе де үйімізде баланың "іңгәсі" мен күлкісі үзілмесін!

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ

Оқи отырыңыз: Теңге гүлі ақша шақырсын десеңіз мынаған мән беріңіз