Қысқы маусымда кез-келген киімді қолда бар заттармен оңай әрі жылдам кептіріп алуға болады.
Қысқы ауа-райында жуылған немесе су болған киімдерді кептіру - үлкен мәселелердің бірі. Әрине, жуылғаннан кейін ылғал киімдер екі-үш күн тұрса өздігінен кеуіп қалатыны анық. Дегенмен өмір болған соң түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Тез арада жаңа ғана жуылғын киімді киіп кетуге тура келіп жататын жайттар да жиі кездеседі. Әлбетте, жазғы күннің ыстығында бұл мәселе емес, ал қыстың қарлы, салқын ауа-райында не істеген жөн? Осы турасында қысқаша ғана құпия кеңесті бөліскенді жөн санадық.
Тұрмыстық құрылғыларды пайдалану арқылы кептіру. Заманауи тұрмыстық техникаларды тек тағайындауы бойынша ғана емес, өзге де қажеттіліктер үшін пайдалануға болады.
- Кір жуу машинасы – тез құрғау қажет деген киімді алып, жастыққаптың ішіне саламыз. Жастыққапты кір жууға арналған арнайы қаппен алмастыруға да болады. Жастыққаптан киім түсіп қалмас үшін, аузын мықтап бекіту немесе байлап қою керек. Жастыққа салынған киімді кір жуатын машинаның барабанына салып, сығу тәртіптемесіне қоямыз. 15 минуттан кейін жартылай кептірілген киім дайын. Қажет болғанда істі қайталап, тағы 15 минутқа кір жуу машинасын айналдырып жіберуге болады. Кейіннен алынған киімді шамалы уақыт жайып немесе үтіктеп жіберсеңіз болғаны.
- Жылу желдеткіші –киім ілгішті немесе үстелдің арқалығын пайдалана отырып жайылған су киімді орташа жылу қуатына қойылған желдеткіш алдына жақын қойып, кептіріп алуға болады.
- Фен – шаш кептіргіш бұл құрылғы арқылы жеңіл киімдерді өте жылдам кептіріп алуға болады. Мысалы, шұлықты, іш киімдерді, қол орамал т.б. Шұлықты шаш кептіргіш құрылғының басына кигізіп қою арқылы құрғатып алуға болады. Сондай-ақ шалбарды балақтарынан екі жерден және белінен бірнеше жерден кір қыстырғышпен қыстырып, фенді шалбардың беліне тұмсығы толық кіріп тұратындай етіп орналастырып, ыстық ауа үрлегішке қосып кептіріп алуға болады.
- Үтік - киімді жылдам құрғатудың ежелден келе жатқан тәсілі. Үтік - мақтадан жасалған киім-кешектер үшін өте қолайлы. Тек температурасын барынша ыстыққа қоймаған абзал.
Су киімдерді өте шұғыл кептірудің 4 әдісі:
- Тұмшапеш (духовка) – пешті ең жоғарғы температураға қойып қыздыру керек.Үстел арқалығына немесе ілгішке ілінген киімді пештің алдына жақын қойып, пештің аузын ашып қоямыз. Киім 30 минут пен 1,5 сағаттың аралығында дайын болады.
- Микротолқынды пеш – жеңіл, майда киімдер үшін ыңғайлы.Киімді пештің ішіне салып, жылыту уақытын 30 секундқа қойыңыз. Тек киімдерде қандай да бір металды заттың болмауын қадағалаңыз.
- Электірлі кептіргіш – киім кептіруге арналған пайдалы құрылғы. Бағасытүр үлгісі мен көлемі және құрылымына қарай. Қажкетті киімдерді электрлікептіргішке іліп, тоқ көзіне қоссаңыз болғаны, киіміңіз шамалы уақытта –ақ пайдалануға дайын болады.
- Түкті сүлгі (махровое полотенце) – мұндай тәсіл джинсы киімдерді кептіруге өте ыңғайлы. Киімді сүлгіге орап қатты сығу керек. Бірнеше секунттарда – ақ сүлгі суды сорып алады. Құрғақ сүлгімен алмастыра отырып, тәсілді екі-үш мәрте қайталаңыз. Шалбар немесе өзге кез-келген қажетті киіміңіз құрғап шыға келеді.
Табиғи жолмен кептірудің 3 тәсілі:
- Күн – жуылған киімді күн сәулесі тікелей түсетін жерге жаю керек.
- Аяз - аязды ауа да дымқыл киімнің тез құрғауына күн сәулесінен кем әсер етпейді. Тек кепкенімен қатты мұздай болатындықтан, жылы жерге шамалы қойып алу қажет.
- Жел – жуылған су киімдерді ең жылдам кептіретін желді ауа-райы.
- Сондай-ақ егер кафе, дәмхана немесе басқалай мекемелерде киіміңізді бүлдіріп алып, сол аумақты шайып, кептіру қажеттілігі туындаса, қолкептіргіш құрылғы мәселені тез-ақ шешеді.
- Бірнеше пластикалық бөтелкелерге ыстық су толтырып, кебуі қажет затыңызды үстіне қойыңыз. Кешке жуылған киім таңға дейін кеуіп тұрады.
- Украиналық студенттердің кеңінен қолданатын әдістерінің бірі - тамақ пісіретін кәстрөлді баяу отқа қойып, су киімді ішіне салып үздіксіз ағаш қозғағышпен араластырып отырыңыз. Бірнеше минуттарда киім құрғап шыға келеді. Тек мұндай жағдайда киімде ешқандай сурет болмағаны жөн және мақта-мата киімдер ғана «қуырып кептіруге» жарайды. Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!
Сақтық шаралары:
Киім-кешекті тез кептіріп қолда бар заттарды пайдаланғанда, уақыт үнемдеймін деп жүріп сақтық шараларын ұмытып кетпеңіз.
- жылдам кептіру үшін, жанып тұрған беті ашық отты пайдаланудан сақ болу керек;
- злектрлі жылыту құрылғыларын пайдалану арқылы кептіру де қауіпсіз емес. Дымқыл киім арқылы тоқ соғуы мүмкін;
- жүннен жасалған, тоқылған киімдерді үтікпен кептірудің қажеті шамалы.
Дайындаған: Э.Базарбаева,
Қыста үйде қызанақ пен болгар бұрышын өсірсеңіз... өкінбейсіз!