Раушан гүлі жаз бойы ГҮЛДЕП ТҰРСЫН десеңіз БЫЛАЙ жасаңыз

0
11 835

Гүлдеген өскіндері жаз айында қырқу – оның қайта мол гүл ашуы үшін жасалады.


Раушан гүлі жаз бойы ГҮЛДЕП ТҰРСЫН десеңіз БЫЛАЙ жасаңыз

Раушан гүлі жаз бойы молынан гүл ашып қуантып тұру үшін, қураған ескі бұталарын қырқып тұру қажет. Раушан гүлінің жаз айында екінші рет гүлдеуі үшін қырқуға болатын "Авила Палас", "Айсберг", "Доминик" секілді бірнеше сұрыптары бар. Әрбір гүл секілді раушан гүлі де күтіп-баптауға мұқтаж келеді. Егер оны уақтылы және дұрыс қырқып тұрса, онда ол да өзінің әдемі гүлдерімен қуаныш сыйлайды.

Ең алдымен гүлдің жалпы пішінін қалыптастыру қажет

Көктемде жаңадан отырғызылған раушан гүлдерінің өскіндерін жаз бойы қырқып ретке келтіріп отыру керек. Бұл гүлді әдемі қалыпқа келтіру үшін жасалады. Өзгелерінен озып өсіп бара жатқан өскіндердің шамамен 4 жапырағынан кейін қысқарту қажет. Өскіндерді осылай қысқартудың арқасында әдемі, сәнді гүл бұтасы пайда болып, гүлдері де көп болады. Раушан гүлінің өскіндерін бұлай қырқуды тамыз айынан бастап тоқтату керек.
Өскіндерді ояту
Егер жақсы күтім болса да, раушан гүл ашпаса, онда «ұйықтап» қалған өскіндерді ояту қажет. «Ұйықтап» қалған өскіндердің басында гүлдің түйнегі немесе жаңа өскін болмайды, тек қана жетілмей қалған бүршік болады. Мұндай «ұйықтап» қалған өскіндерді ояту үшін астындағы нашар өскін мен жапырақтарды қырқып тас тау керек. Осындай қарапайым әдіс жаңа өскіндердің өсуіне, гүл бүршіктерінің пайда болуына көмектеседі.
«Ұйықтап» қалған өскіндеріді уақытында байқау үшін гүлді жиі қарап тұру керек. Уақытында оянған өскіндер мол гүлімен қуантады.
Гүлдеп болған өскіндерді қырқу
Гүлдеген өскіндері жаз айында қырқу – оның қайта мол гүл ашуы үшін жасалады. Раушан гүлдерінің гүлдеген өскіндерін дұрыс және уақытында қырықпаса, онда келесі гүлдері майдаланып көріксіз болып қалады.
Гүлі қураған раушанның тек гүлін ғана қырқып тастау дұрыс емес. Себебі сол қырқылған жерден өте көп өскіндер пайда болып, олардың гүлдері ұсақталып кетеді. Сондықтан тек қураған гүлді ғана емес, 3-4 жапырақ қалдырып өскінді де қырқу қажет. Егер өскінде қураған гүлмен қатар, енді ашылған гүл бүршігі болса, онда тек қураған гүлді ғана қырқып қоя салу керек. Ал жаңа ашылған гүлді қураған соң сабағымен қырқып тастау керек.
Гүл мен өскіндерді қай уақытта қырыққан дұрыс? Гүл күлтелері енді түсе бастаған кезде қырқуды бастаған жөн. Біріншіден мұндай кезде олар өзінің сәндік түрін жоғалтса, екіншіден қурап жатқан гүлге бекер күш жұмсап, жаңа өскіндердің шығуына кедергі келтіреді. Қырқу қаламшалап, яғни 45 градусқа бұрыштап кесіледі.
Жаз біткенде қырқуды тоқтату керек. Себебі одан кейінгі кезеңде гүлдер ашып үлгермейді, ал жаңа өскіндер суыққа ұрынып қалуы мүмкін.

Гүл бұталарын жасарту
Гүлдің ескі, үш жылдан жоғары болған бұталары жасартуды қажет етеді. Ол үшін ағаш секілді (сүректеніп) болып кеткен бұтаны жерге жақын түбінен кесу қажет. Раушан гүлін жасарту үшін жасалатын мұндай тәсіл, алғашқы гүлдері толық ашылып, қурап біткен соң және тек құрғақ ауа-райында жасалуы тиіс. Себебі ылғал ауада кесілген жер ауруға ұшырауы мүмкін.
Раушан гүлінің жабайы бұталарын кесу
Раушан гүлін уақтылы жабайы бұталарынан арылтып тұру қажет. Раушан гүліндегі жабайы бұталар түбінен шығады. Олардың сыртқы көрінісі кәдімгі итмұрын (шиповник) секілді өседі. Өте өміршең және мықты болады. Мұндай жабайы өскінді тура тамыр жағынан кесіп тастамаса, ол раушан гүлінің бар күш қуатын алып қояды. Егер оларға өсуге мүмкіндік берілсе, ол бүкіл раушан гүлін жойып жібере алады.
Артық өскіндерді қырқу және емдеу
Раушан гүлін жазда қырқу кезінде қандай да бір ауырып тұрған бұталарын тез аңғаруға болады. Бұл ауырған бөлігін тез арада қырқып уақытында фунгицидпен (ауруға қарсы химиялық зат) өңдеуге мүмкіндік береі. Ал мұндай уақтылы күтім мен өңдеу көрген гүлдер өз сәнін сақтап, ауырып, қурап қалудан аулақ болады.
Жаз бойында раушан гүлінің барлық қураған, ауырып тұрған, қисық өскен, әлсіз, ұйықтап қалған өскіндерін қырқып отыру керек.
Жоғарыда айтылған кеңестер раушан гүлінің ең кең тараған, көпшілігіміздің есігіміздің алдында бар сұрыптарына арналған. «Гүлдер патшасы» атанған раушан гүлін өсіру, күтіп-баптау аса мұқияттылықты талап етеді.
Дайындаған: Базарбаева Э.